Новости строительства

Астанада құрылыс саласының Еуразиялық конгресі ашылды

03.12.2014 г.

Бүгін, 2 желтоқсан күні Тәуелсіздік сарайында бірінші Еуразиялық құрылыс саласы конгресі өз жұмысын бастады. Конгресс жұмысына Қазақстаннан, Ресей мен Беларусьтен 800-ден астам делегат, сондай-ақ Канаданың, АҚШ-тың, Германияның, Францияның, Испанияның, Италияның, Австрияның, Финляндия мен Польшаның жетекші әлемдік компанияларының өкілдері қатысуда. Конгресс ірі құрылысшылар мен салушылардан бастап, өндірушілер, сәулетшілер, қала салушылар, делдалдар мен қаржыгерлерге дейінгі саланың барлық өкілдерінің басын қосты. Бұл елдің құрылыс саласының дамуы және Еуразиялық одақ аясындағы өсудің жаңа мүмкіндіктері талқыланатын, мұндай деңгейдегі бірінші іс-шара.

Сарапшылардың айтуынша, құрылыс саласы бүгінгі таңда салмақты бетбұрыстар қарсаңында тұр. Бірыңғай икемді әрі жаңа беталыстарға сәйкес келетін «ойын ережелерін» орнату үшін барлық нарық қатысушыларына ашық әрі конструктивті диалог керек. Еуразиялық құрылыс саласы конгресінің ұйымдастыру комитеті – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ашылған Конгрестің негізгі мақсаты – сала алдында тұрған міндеттерді бірлесе анықтап, оларды шешудің тиімді тетіктерін жасау үшін саланың барлық қатысушыларының бірігуі деп санайды.

Конгресс қатысушыларына арнап, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай МЫРЗАХМЕТОВ сөз сөйледі. Ол «құрылыс – бұл тек құрылыстың өзі емес, құрылыс индустриясы. Және бұл жөнінде қозғалатын әңгіме жетерлік. Жалпы алғанда осы қаржыландыру көлеміне, осы құрылыс көлеміне сай, сала жеткілікті дәрежеде қарқынды дамуда». Алайда А. Мырзахметовтің пікірінше, кооперация, салаға инвестиция тарту және маман даярлау жөнінде ойлануды, шешім қабылдауды қажет ететін түйткілді мәселелер де бар.

Өз тарапынан ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт РАУ: «Инвестициялар бойынша өсу бар. Бес жыл ішінде біз құрылыс саласында 200 жобаға 1.5 млрд доллар инвестиция тарттық. Екінші бесжылдық аясында сіз бен біз алғаш рет пайдалана бастаған қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларына инвестицияларды қолдау бойынша пакет жатады. Оны Елбасы Н.Ә. Назарбаев шілдеде жариялады – олар қосымша артықшылық және алғаш рет енгізіліп отырған инвестициялық демеуқаржы ұғымы», - дегенді айтып өтті.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі және ТКШ комитеті төрағасы, басқарма төрағасы, «Базис-А» холдингтік компаниясының директорлар кеңесі төрағасы Александр БЕЛОВИЧ құрылыс туралы экономиканың басым саласы ретінде былай деді: «Бүгінгі таңдағы Қазақстанның құрылыс саласы – бұл 700 мыңнан астам жұмысшы. Елбасы өз тарапынан құрылыс саласын тағы да экономика дамуының басты басым саласы ретінде анықтады, бізге жаңа серпінді жобалар бастауды тапсырды. Бүгінгі таңда Қазақстанның құрылыс саласы бизнес-қауымдастық ретінде біртұтас емес.

Қазақстанда салалық қауымдастықтардың саны көп, олардың көпшілігі тар шеңберде маманданған. Біз бизнес-қауымдастықтың бірыңғай стратегиялық ұстаным жасау мен саланың түйткілдерін айқын етіп, мемлекет алдына ұсынуда өз міндеттерін атқара алмай жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан Конгресс аясында біз салалық қауымдастықтар арасында ары қарайғы өзара ықпалдастық тиімдірек болуы үшін ортақ шоғырланған ұстанымды жасап шығарғымыз келеді. Бәлкім, Құрылыс саласының біріккен ұлттық қауымдастығын құру туралы ойланатын кез келген шығар».

Толық құрамдағы отырыс барысында Конгрестің күн тәртібі талқыланды, басты мәселелер, мемлекет пен бизнес қарым-қатынасын өзгерту түйткілдері анықталды.
Толық құрамдағы отырыстан кейін дереу Конгрестің жетекші спикерлерінің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті. Төраға орынбасары, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының мүшесі Рақым ОШАҚБАЕВ құрылыс саласының республика деңгейінде де, Кеден одағы деңгейінде де аса маңызды екеніне екпін түсірді.


- Кеден одағы елдерінің 2,4 триллион долларды құрайтын жиынтық ЖІӨ-дегі ЖІӨ үлесі 6% құрайды. Бұл жұмыспен қамтуды арттыратын сала, - деп атап өтті Рақым Сәкенұлы. Алайда біз жетекші мемлекеттік құрылымдар тарапынан назар жеткілікті дәрежеде аударылмай отырғанын байқаймыз. Және біздің Конгресс осыған дәлел – толық құрамды отырыста жетекшілік етуші министрліктен басшылық өкілдері болмады.
РФ Өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағы төрағасының орынбасары Андрей ЛОЦМАНОВтың айтуынша, мемлекет бизнесті ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстауы керек.

- Осы Конгрестің біздер – кәсіпқой-құрылысшылар үшін алаңға айналғанын қалаймын. Біз өз қадамдарымыздың бағытын бірлесіп анықтауымыз керек, былайша айтқанда бұл – үш елдің қозғалысының жол картасы болмақ. Бұл жерде маңыздысы – өзара ықпалдастық, - деп санайды Беларусь Республикасының Сәулет және құрылыс министрінің бірінші орынбасары Александр КРУЧАНОВ.

Баспасөз-конференциясының спикерлері техникалық регламенттер, нормативтік база, ұлттық реттеу және тұрғын үй тұрғызудың қауіпсіздігі мәселелерін талқылады.

Конгресс сессияларында сонымен қатар саланы реттеу, инвестиция тарту, қала салудағы тиімді амалдар тақырыптары талқылануда.

Конгресс аясында сондай-ақ тақырыптық көрме ашылды. Онда құрылыс технологиялары, қондырғылары, тауарлары мен қызметтері саласындағы ең заманауи әзірлемелер, ауқымды құрылыс жобалары назарға ұсынылды. Көрме секциялары мына тақырыптарға арналған: «Қалаларды тұрғызу жоспары», «Жасыл технологиялар», «Сәулетшілер, жобалаушылар», «Салаға арналған жоғары интеллектуалды шешімдер (бағдарламалық қамсыздандыру, консалтинг және т.б.)», «Жоғары технологиялы өндірістер мен инвестициялық жобалар».

Источник: Евразийский Конгресс Строительной Отрасли



Предыдущая новость
02.12.14 Назарбаев: Казахстан примет участие в реализации проекта газопровода ТАПИ

Следующая новость
03.12.14 В Астане открылся Евразийский Конгресс строительной отрасли



Смотри также: Все новости >>
Подписаться на рассылку новостей портала >>

Рейтинг@Mail.ru

наверх